Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020

Ордабасы ауданында ішкі жалпы өнім көлемі 78 млрд 285 млн теңгеге жетті

202 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Ордабасы ауданының өңірлік ішкі жалпы өнім көлемі 78 млрд 285 млн теңгеге жетті. Яғни өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,3 пайызға артқан.

Ордабасы ауданында ішкі жалпы өнім көлемі 78 млрд 285 млн теңгеге жетті

Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде 11 айда атқарылған жұмыстарын қорытындылаған аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков өнім көлемін арттыру мақсатында маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін 15 млрд  912 млн теңге көлемінде инвестиция тартылғанын атап өтті. «Жалпы ауданда 11 айдың қорытындысы бойынша ірілі-ұсақты 35 кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 1 млрд 399,3 млн теңге болатын 33 жоба сүйемелденуде. Ал «Бизнес-Бастау» бағдарламасы бойынша 227 азамат сертификат алып, жоспар 100 пайызға орындалды. Бір сөзбен айтқанда ауданда өндіру, өңдеу бағытындағы және жалпы кәсіпкерлік саласындағы жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп келеді», деді Н.Тұрашбеков.

Биыл ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 46 млрд 885 млн теңгеге жетіп, 65 774 гектар егістік жер иегерілген. Аудандағы жалпы жылыжай көлемі 82,02 гектарға жеткен. Олардан 4 370 тонна қияр, 2 420 тонна қызанақ алынды. Егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында 171,9 гектар жерден екі рет өнім алынуда. Ауыл шаруашылығы саласында 5 млрд 255 млн теңге инвестиция тартылды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 665 ірі қара мал алынып, тапсырма 138,8 пайызға, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 4089 мал алынып, тапсырма 190,7 пайызға, «Құлан» бағдарламасы бойынша 289 бас жылқы алынып, жоспар 104,3 пайызға орындалған. Ауданда 379 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді, оның 100-і биыл іске қосылған.

 

 

Түркістан облысы