Оқиға 22 желтоқсан күні кешке бетон зауытының аумағында болған. Тәртіп сақшылары ұрыс қарыз міндеттемелеріне байланысты туғанын хабарлады.
Аталған дерек бойынша 11 адам ұсталды. Қақтығыс кезінде суық және атыс қаруы қолданылған.
Төбелес нәтижесінде екі ер адам ауруханаға жеткізілді. Біреуінің кеуде қуысына оқ тиген, екінші адам іш қуысынан пышақ жарақатын алған.
Екеуі де алған жарақаттан қайтыс болды. Біраз уақыттан кейін осы оқиғаға қатысы бар тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.