Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020

Алматы облысында адасып кеткен шопан табылды

607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 желтоқсанда сағат 16.50-де Алматы облысы ТЖ департаментіне Алматы облысы Сарқан ауданының Мұқан ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығы қыстағының шопаны (1988 жылы туған) мал жаюға шығып, адасып кеткені туралы хабарлама түсті.

Алматы облысында адасып кеткен шопан табылды

16 құтқарушы мен полиция қызметкерінен және 6 бірлік техникадан құрылған 3 іздестіру тобы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар орналасқан жерден іздеуді ұйымдастыру орнына дейінгі арақашықтық 70 шақырымды құрады.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, шаруа қожалығының жетекшісі шақырылды, ол жоғалған шопанның мүмкін болатын орнын картаға салуға көмектесті.

Қабылданған шаралардың арқасында сағат 22.45-те іздеу тобы шопанды тапты, медициналық көмек қажет емес еді.