Білім • 23 Желтоқсан, 2020

Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан аса жаңа орын ашылады

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен қаланың Білім басқармасы алқасының отырысы өтті. Жүздесуде білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан аса жаңа орын ашылады

Мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. Мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. 

Бала туу көрсеткішінің жоғары болуына және белсенді көші-қон үдерістеріне байланысты әкімнің тапсырмасы бойынша балабақшалардағы орын тапшылығы мен кезек мәселелерін шешу жөніндегі шаралар күшейтілді.

Қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 65 080 бала, 3 жастан 6 жасқа дейінгі 57 020 бала қамтылғанын баяндады.

Кезекті азайту үшін келесідей шаралар қабылданды:

ағымдағы жылы 670 орындық 4 мемлекеттік балабақша пайдалануға беріліп, 120 орындық тағы 1 мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталуға жақын;

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 520 орындық тағы 3 мемлекеттік балабақшаның құрылысы жүргізілуде;

биылғы жылы 1 378 орындық 48 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды.

5 жыл ішінде 360-қа жуық жекеменшік балабақшада 14 900 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын кезең-кезеңімен орналастыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар орын тапшылығын төмендету мақсатында жеке білім беру ұйымдарына жалға берілген мемлекеттік балабақшаларды қайтару бойынша шаралар қарастырылған. Осы жұмыс аясында Әуезов ауданындағы жалға берілген "Сказка" балабақшасының ғимараты қайтарылды, қазір күрделі жөндеу жүргізілуде және 2021 жылы онда 320 орындық 14 топ ашылатын болады.

Айта кету керек, мегаполис әкімінің бастамасымен жергілікті бюджет есебінен жекеменшік балабақшаларда ата-аналардың төлемін субсидиялау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

"Жалпы қабылданған шаралар есебінен 5 жыл ішінде балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орын ашу жоспарлануда", деп атап өтті Л.Жылқыбаева.