Әдебиет • 23 Желтоқсан, 2020

«Ұлт батырлары» кітабы жарық көрді

668 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы Жеңістің 75 жылдығына орай белгілі қаламгер, жазушы Пернебай Дүйсенбин мен «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы Мұсағали Тасқалиевтер бірігіп жазған «Ұлт Батырлары» кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ұлт батырлары» кітабы жарық көрді

Аталған кітаптың жарық көруіне майдангер-педагог, соғыс және еңбек ардагері Қылыш Өтетілеуұлының ұрпақтары қолдау көрсеткен. «Ұлт Батырлары» кітабы белгілі кәсіпкер, меценат Айтқали Ізмақтың демеушілігімен мың дана таралыммен басылып шыққан.

Белгілі қаламгер, жазушы Пернебай Дүйсенбин мен Мұсағали Тасқалиевтер бұл еңбектерінде көптеген жылдар бойы іздене отырып, анықтаған, қазақ ұлтынан шыққан 105  Кеңес одағы батырларының есімдерін, қысқаша өмірбаяндарын және түрлі-түсті фотосуреттерін алғаш рет жарыққа шығарып отыр.