Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020

Мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 желтоқсан күні Қызылорда облысы ПД-нің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне Шиелі ауданы, Бала би ауылының 60 жастағы тұрғыны арыз түсіреді. Арызында ауыл тұрғыны желтоқсан айының басында белгісіз біреулердің Оқшы Ата кесенесі маңындағы жайылымнан 1 бас сиырын ұрлап кеткендігін көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz

Мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды

Аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бұл қылмысқа күдікті 3 азамат анықталып, ұсталды. Олардың біреуі облыс орталығының, екеуі аудан тұрғындары болып шықты.

Полицейлер тексеру барысында ұсталған күдіктілердің 15 мал ұрлығы қылмысына қатысы бар екендігін анықтады. Қылмыскерлердің жәбірленушілерге келтірген материалдық шығынының жалпы көлемі 2 миллион 230 мың теңгені құрайды.

Ашылған мал ұрлығы дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.  

«Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жыл  басынан мал ұрлығымен айналысқан 20 қылмыстық топты ұстап, 215 мал ұрлығы тіркелді», деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.