Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020

Түлкібас ауданында 900 тоннаға жуық жаңғақ жиналды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Түлкібас ауданында соңғы 3 жылдың көлемінде жаңғақ шаруашылығы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz 

 

Түлкібас ауданында 900 тоннаға жуық жаңғақ жиналды

Әдетте жаңғақ ағашы облыстың барлық өңірінде өсе бермейді. Түлкібас, Төлеби, Сайрам, Қазығұрт аудандарының тау бөктерінде және үйіргелік жерлерде өседі. Түлкібас ауданында соңғы үш жылда 382 гектар жерге жаңғақ ағашының көшеттері отырғызылған.

Айта кетерлігі, аудан бойынша биыл жаңғақ дақылынан 866 тонна өнім жиналып отыр. Кәсіпкерлер аудандық орталық базар жанынан қабылдау пунктерін ашып, сапасына қарай келісін 400-700 теңгеден сатып алуда. Кейін өнімді қайта өндеуден өткізіп, қабығынан ажыратып облысымыздың ірі сауда орталықтары мен кондитерлік цехтарға немесе басқа өңірлерге келісін 1400-1800 теңгеден саудалауда.