Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020

Түркістанда Hilton қонақүйінің алғашқы желісі ашылды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында Hilton қонақүйінің алғашқы желісі Hampton by Hilton Turkistan-ның ресми ашылуы өтті. Халықаралық қонақүйдің ашылуына  Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов пен BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев қатысты.

Түркістанда Hilton қонақүйінің алғашқы желісі ашылды

Қонақүй Түркістанның мәдени-рухани орталығында, Ясауи кесенесіне жақын, Ұлы Дала орталығы мен Visit Centre Turkistan маңайында орналасқан. Сыртқы беті көне ғасырдың ғимараттарын еске түсіретін Марокко стиліндегі ескі қам кірпіштен соғылған. Орта ғасыр мен қазіргі дәстүрлерді сәтті үйлестіре отырып, қаланың стилін толықтыра түскен. Бір жылдың ішінде бой көтерген қонақүйдің жалпы алаңы Top Tobe жеке банкет кешенін қосқанда 9000 шаршы метр болады. Стандартты санаттағы 120 нөмір бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы жасақталған бөлмелер қарастырылған. «Бұл ең алдымен стратегиялық маңызды салаға үлкен үлес. Туризмді дамыта отырып, Түркістанға келген қонақтар халықаралық деңгейдегі қызметті қолжетімді бағамен пайдалана алады. Сонымен қатар, қонақүй Түркістанның мәдени-рухани орталығына үйлесімді», деді құттықтау сөзінде Арман Жетпісбай.

75

Айта кетелік, Hilton – құрамына түрлі санаттағы 17 қонақүй бренді кіретін дүниежүзіне әйгілі қонақүйлер желісі. Әлем бойынша бұл желіге 6000-ға жуық қонақүй кіреді. Hampton by Hilton Turkistan – BI Group пен Hilton Worldwide арасындағы екінші бірлескен жоба.