07 Желтоқсан, 2013

Елшілермен екіжақты әңгіме

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь елшісі Анатолий Ничкасовты, Иран елшісі Горбан Сейфи мен Армения елшісі Ара Саакянды қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев дипломаттармен екіжақты өзара іс-қимыл және көпжақты парламенттік форумдар аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Пар­ла­ментаралық үнқатысуды одан әрі дамыту және сауда-эко­номикалық байланыстарды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етудің келешегі туралы пікір алысылды.

Әңгіме барысында Сенат Төр­ағасы өзекті халықаралық проблемалар, аймақтық ынтымақтастық пен интеграция жөніндегі ойларын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар