07 Желтоқсан, 2013

Ақпараттар ағыны

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда тұрғын үйді­ жалға берген жеке кәсіп­кер­­лерден бюджетке 1,8 млрд.­ теңге түсті. Алматы қала­сы салық департаментінен хабар­ланғандай, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өсу қарқыны 11 айда 128 пайызды құраған немесе 400 млн. теңге артық түскен.

 

Алматыда тұрғын үйді­ жалға берген жеке кәсіп­кер­­лерден бюджетке 1,8 млрд.­ теңге түсті. Алматы қала­сы салық департаментінен хабар­ланғандай, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өсу қарқыны 11 айда 128 пайызды құраған немесе 400 млн. теңге артық түскен.

Кеше Қызылордада облыстық соттың 75 жылдығы аталып өтті. Оның барысында Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми облыстық сот кеңсесіне мерекелік сый ретінде 6 автокөлік пен 3 пәтер тапсырса, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыс әкімдігі атынан 2 автокөлік тарту етті.

Шығыс Қазақстан облы­сының қала мен аудандар әкімдері есеп берулерін бас­тады. Премьер-Министрдің тапсырмасында көрсетілген мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы баяндалатын бұл есептерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған комиссия қабылдап жатыр.

Жамбыл облыстық әкім­дігінде бос орындарға ашық конкурс өткізілді. Оған жастары 24-39 аралығындағы 21 талапкер тілек білдіріп, со­лардың 19-ы тестілеуге қатысты. «Мемлекеттік қызметке келгісі келетіндер арасында талантты жастардың көп екеніне көзіміз жетті», – деді осыған орай облыс әкімдігінің аппарат жетекшісі Рахматілда Рахманбердиев.

Бүгін Қостанайдан Шым­­кентке дейін тіркеме ва­гон бірінші рет сапарға шы­ғады. Әуелгіжолын№238Қос­танай-Қарағанды пойызымен бірге бастайтын ілкі қадам өзін-өзі ақтаса, жаңа жылдан бастап жаңа бағыттар қатарына қосылады.

Атыраудан солтүстікке қарай Жайық бойымен жаңа жол салынады. Бұл кеше облыс әкімінің орынбасары Тимур­жан Шәкімов өткізген Аты­рау қаласының 2045 жылға дейінгі бас құрылыс жоспары тұжырымдамасын талқылау жиыны кезінде белгілі болды.

Ақтаудың теңіз жаға­лауын­дағы жаңа тұрғынжай ауданын жарықтандыруға қосымша қаржы қаралды. Бұл туралы мәлімдеген қала экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ада Ким осы жұмыстар үшін үнемделген қаржы есебінен 56 млн. 579 мың теңге ақша бөлінетінін айтты.

Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар