Қоғам • 24 Желтоқсан, 2020

Итін автомобильмен сүйреген қартқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында итін автомобильмен сүйреген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Итін автомобильмен сүйреген қартқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

23 желтоқсанда Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде Polezno.ekb парақшасында Екібастұз қаласында белгісіз жүргізушінің автокөлікпен ит сүйреп келе жатқаны туралы бейнежазба анықталды.

Іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері бейнежазбадағы жүргізушіні анықтады, ол Екібастұз қаласының 72 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамның айтуынша, ол өзінің «Алабай» тұқымдас итін ветеринарлық емханаға апарған. Алайда кәрілігіне байланысты, итін қайтар жолда көлікке отырғыза алмаған. Ер адамға қатысты жануарға қатыгездік көрсету фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы (Жануарларға қатыгездiк жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік автотұраққа қойылды.