Спорт • 24 Желтоқсан, 2020

ХХІ ғасырдың ең үздік кәсіпқой боксшылары кім?

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Give Me Sport басылымы ХХІ ғасырдағы ең үздік 50 кәсіпқой боксшысының тізімін жария етті. Солардың қатарында біздің Геннадий Головкин де бар, деп хабарлайды Egemen.kz

ХХІ ғасырдың ең үздік кәсіпқой боксшылары кім?

Бұл күндері орта салмақта күш сынасып жүрген 38 жастағы қазақстандық боксшы үшінші орынға жайғасты. Әрине таңдануға болады. Кәсіпқой рингте жұдырықтасып жүргеніне15 жылға жуықтан қалған GGG барлығы 43 кездесу өткізіп, 41 рет жеңіске жетті. 36 қарсыласын нокаутқа жіберді. Бір рет ұтылып, бір бәсекеде тең есеп тіркелді. Геннадий Головкиннің алдын тек Мэнни Пакьяо мен Флойд Мейвезер ғана орап тұр.

42 жастағы Филиппиннің өкілі ширек ғасырдан аса уақыт бойы шаршы алаңды армансыз шайқап келеді. Сол аралықта 71 рет жекпе-жек өткізген Пакьяо тек жетеуінде ғана ұтылды (62 жеңіс, 2 тең). 39 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 43 жастағы АҚШ-тың саңлағы осы спорт түрін 1996 жылдан бері серік етіп келеді. Мейвезер 50 бәсекенің барлығын өз пайдасына шешіп, 27 жекпе-жекті өз пайдасына шешті. 

Сондай-ақ «ТОП-10» боксшының қатарына Рой Джонс, Владимир Кличко, Сауль Альварес, Леннокс Льюис, Оскар де ла Хоя, Бернадр Хопкинс және Джо Кальзаге сынды саңлақтар еніп отыр.