Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020

Сарыағаш ауданында «Халықтық кеңcе» ашылды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру  мақсатында Түркістан облысының барлық аудандарында халықтық кеңселер ашып, тұрғындарға кедергісіз қызмет көрсу көзделген. Сарыағаш ауданында «Халықтық кеңсе» ашылуы да осы бағытта атқарылған жұмыстардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz

Сарыағаш ауданында «Халықтық кеңcе» ашылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мен аудан әкімі Мұхит Отаршиевтің қатысуымен ашылған «Халықтық кеңседе» тұрғындарға қолжетімді, ашық және жедел қызмет көрсететін 7 дербес бөлім бар.

Атап айтсақ, білім, жер қатынастары, ауылшаруашылық, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, экономика және қаржы, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері бойынша 90  мемлекеттік  қызмет түрі көрсетіліп, тұрғындардың кедергісіз қызмет алуына жағдай жасалған.

95

Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуға, жәрдемақы тағайындауға өтініш, тұрғын үй кезегіне тіркелу, жер, үй құжаттарын заңдастыруға көмек беретін қолайлы қызметтер қарастырылған.

Аудан әкімі Мұхит Отаршиев ашылу рәсімінде «Халықтық кеңсе» алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландырып қана қоймай, жергілікті атқарушы органдардың тұрғындармен ашықтық қағидатына негізделе отырып жұмыс істеуіне ықпал ететінін атап өтті.