Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысы тұрғын үй құрылысы бойынша көш бастап тұр

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында қаңтар – қараша айының қорытындысы бойынша 548,4 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 4356 пәтер пайдалануға берілді. Осылайша тұрғын үйді іске қосудың жылдық жоспары артығымен орындалып, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы толық іске асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысы тұрғын үй құрылысы бойынша көш бастап тұр

«Нұрлы жер» бағдарламасының сапалы орындалуы облыс басшылығы тарапынан қатаң бақылауға алынған. Бағдарлама аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына  36,6 млрд теңге бөлінді. Қаржы 40 арендалық тұрғын үй, 30 инженерлік инфрақұрылым нысаны, 89 кредиттік тұрғын үйдің құрылысына бағытталды.

Жыл қорытындысы бойынша 69 нысан пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде 2430 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, 3604 жеке жер учаскелеріне инфрақұрылым жүйелері жүргізілетін болады. Мемлекеттік бюджет есебінен 1778 пәтерлі сатып алу құқығынсыз арендалық 40 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Ал арендалық 14 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.

Сондай-ақ облыс аумағында әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді дамыту мақсатында 7 қабатты 24 тұрғын үй салынуда. Нәтижесінде 1452 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.

95

Сонымен қатар Түркістан қаласы әкімшілік іскерлік орталығында жаңадан 7, 9 және 12 қабатты  64 тұрғын үй салынуда. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, елімізде баспанамен қамтамасыз ету бойынша ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысына тиесілі.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45