Білім • 24 Желтоқсан, 2020

Ұстаздардың жалақысы көбейеді

1390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25%-ға өсетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұстаздардың жалақысы көбейеді

«Биыл Президент тапсырмасымен педагогтердің жалақысы 25 пайызға ұлғайтылды. Сонымен бірге 2021 жылы да 1 қаңтардан бастап, педагогтер айлығы тағы 25 пайызға көбейеді. Біз мұнда тек қана мектеп мұғалімдерін айтып отырған жоқпыз, балабақша педагогтері, қосымша білім беру, колледждер мен жоғары оқу орындарының мамандары да мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылып, еңбекақылары көбейіп жатыр», деді Білім министрі.

Министр педагогтерге берілетін түрлі қосымша төлемдер бар екенін де еске салды.

«Біліктілік санатына қарай еңбекақының 30-дан 50 пайызға дейінгі көлемін қосымша алуға болады. Өз ісінің шебері болса, ай сайын еңбекақыға қосымша 50 пайыз төлем алып отыруға болады. Пәнді ағылшын тілінде жүргізгеніне, дәптер тексергеніне және сынып жетекшілігі үшін төленеді. Биыл алғаш рет әріптестеріміз магистрлік дәрежесі үшін 27 мың теңге көлемінде қосымша төлем ала бастады», деп түйіндеді ведомство басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы тағы 20%-ға, ал ұлттық ЖОО оқытушыларының жалақысы 28%-ға ұлғайған еді.