Өнер • 24 Желтоқсан, 2020

Роза Рымбаеваға Шығыс Қазақстанның құрметті азаматы атағы берілді

1052 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы атағы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Роза Рымбаеваға Шығыс Қазақстанның құрметті азаматы атағы берілді

Облыс әкімдігінің басасөз қызметінің хабарлауынша, Роза Рымбаеваға төсбелгіні әкім Даниал Ахметов табыс етті.

«Бүгін қуанышты, әрі тарихи күн. Жаңа жыл қарсаңында жерлесіміз, Қазақстанның халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаеваға «ШҚО Құрметті азаматы» атағын жеке тапсырудамын. Мен үшін бұл зор құрмет. Біз әрдайым жерлестеріміздің жеңісі үшін қуанып, қолдап жүреміз»,  деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

роза

Кездесу барысында эстрада әншісі жақында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қорытынды концерт өткізді. Әнші Семей қаласында мерейтой аясында атқарылған жұмыстардың ауқымын жоғары бағалап, ұлы ақын – Абайдың қазақ үшін алар орны зор екенін ерекше атап өтті.

«Жыл сайын өзімнің гастрольдік сапарымды Шығыс Қазақстаннан бастауға тырысамын. Себебі, туған өлкемнен ерекше шабыт, күш-қуат аламын. Халқыма жүрекпен ән шырқап, бір толқында өнер көрсетемін. Бүгінгі марапат үшін халқыма зор алғысымды білдіремін», деді Роза Қуанышқызы.

Сондай-ақ, Роза Рымбаева алдағы жылы ерекше бағдарламамен келіп, облыс тұрғындарына жеке концерт қоятынын жеткізді. Жоспар бойынша кеш ШҚО симфониялық және халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

Соңғы жаңалықтар