Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020

Әкім ақынға қолдау көрсетті

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев журналист, ақын Рысты Бекбергеновмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Әкім ақынға қолдау көрсетті

Бүгінде  90 жасқа келген Рысты Сейітжанқызы ұзақ жылдар облыстық «Сыр бойы» газетінде еңбек еткен. «Тұңғыш кітап», «Ана жүрегі», «Жырға сапар», «Өмірім өлеңменен өрнектелген», «Өмірдің ақ-қарасы» атты кітаптары баспа бетін көрген ақын әлі де қолынан қаламын тастаған жоқ.   

Кездесуде қала әкімі қаламгердің жуырда өзінің қолдауымен басылып «Өлеңім - менің тұңғышым» таңдамалы туындысын табыстап, «Бұл кітаптарды енді қала кітапханаларына қойып, оқырмандар қолына тигіземіз», деп алдағы уақытта да ақын шығармашылығын насихаттауға қолдау танытатындығын жеткізді.