Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысында жаңа жүйе ауыл әкімдерінің рейтингісін түзеді

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ордабасы ауданында ашылған "Халықтық кеңсе" жаңа жүйемен жұмыс жүргізбек. Кеңсенің ашылуында аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков "AIKEY" жүйесі тұрғындар тарапынан түскен өтініштерді бағдарлама арқылы тиісті бөлімдерге жолдап, мерзімін белгілейтінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысында жаңа жүйе ауыл әкімдерінің  рейтингісін түзеді

Арыз-шағымдарға жауап беру деңгейіне бағдарлама сараптама жасап, бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдерінің  рейтингісін түзеді.

"Сервистік әкімдік" те "Халықтық кеңседе" орналастырылды. Тұрғындар жазылған өтінішінің қаралу сатысы мен оны зерделейтін маманды да осы бағдарлама арқылы бақылап отыруға мүмкіндік бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай жаңа жүйенің жұмысымен танысып,  "Ашық әкімдік" қағидасында жұмыс жүргізу үшін бұл ең оңтайлы нұсқа екенін атап өтті.

98

Халықтық кеңседе жергілікті аудан тұрғындары үшін 8 дербес бөлім  бойынша жалпы саны 8 маман 74-ке  жуық мемлекеттік  қызмет түрлерін көрсетіп, ашық кеңістікте өтініштерді қабылдайды. Сондай-ақ «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін  жаңа кеңседе  7-94-94 және 8-700-307-91-94  байланыс орталығы іске қосылған. Мұнда жауапты 2 оператор азаматтардың өтініштерін жедел  қабылдау  арқылы   қызмет көрсетеді.   

 

Түркістан облысы