Мұхамедчинов Азамат Маратұлы 1978 жылы 23 ақпанда туған. 2007 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (өнер бакалавры), 2013 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін (экономика бакалавры) бітірген.
1998-2001 жылдар аралығында Жарма ауданы Әуезов ауылындағы орта мектептің мұғалімі. 2001-2008 жылдары Риддер қаласы «Шаңырақ» орта мектебінің мұғалімі.
2008-2010 жылдар аралығында Риддер қаласы «Мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры. 2010-2012 жылдар аралығында Риддер қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметі атқарды. 2012-2016 жылдар аралығы - Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болған.
2016-2019 жылдарда Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы.2019-2020 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
2020 жылғы 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.