Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020

Сағатқа ескерткіш соғылды

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кентінде «Сағат» стелласының ашылу салтанаты өтті. Уақыттың өлшеміне арналған ескерткіш Дербісалы батыр, Сәкен Сейфуллин және Әбікен Хасенов атындағы көшелердің қиылысынан орын тепті.

Сағатқа ескерткіш соғылды

Осы оқиғаға арналған салтанатты рәсімде аудан әкімі Мұхит Мұхтаров пен ауыл ақ­сақалы Бекежан Хамзин стел­ланың лентасын кесті. Аудан­дық мәслихаттың хатшысы Бәкен Төлеуқұлов, белгілі жазушы Кәмел Жүністегі және ауыл ақсақалы Исақ Жол­ғұтты қуанышқа құтты болсын айтып, аудан тұрғындарына арнаған ақ тілектерін ақтарды.

Биіктігі 10 метр болатын алып сағат ескерткіші үш көшенің қиылысына тегін орнатылмаған. Бұл жерге аудан тұрғындары көптен бері айналма жол салу керектігін айтып жүрген екен. Міне енді, түнде жарық шашатын «Сағат» стелласы уақытты ғана көрсетіп қоймай, ел тілегіне орай салынған айналма жолдың ортасында үш тарапқа жөн сіл­теп, жол-көлік қозғалысының ретті болуына да игі ықпалын тигізетін болды.

«Санаулы күндерден кейін 2021 жылды қарсы аламыз. Яғни алдағы жылы Тәуелсіздігімізді алғанымызға 30 жыл толады. «Сағат» стелласы Ұлық мере­кенің осынау мерейтойына арналып орнатылды. Тә­уелсіздік жылдарындағы елі­міздің өткені мен бүгінінің және болашағының арасындағы берік дәнекері, уа­қыттың өлшемі ретіндегі ескерткіштің тәрбиелік мәні зор деп санаймын», дейді Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров.

 

Қарағанды облысы,
Шет ауданы