Коронавирус • 25 Желтоқсан, 2020

Коронавирус жұқтырған 243 науқастың жағдайы нашар

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 желтоқсандағы соңғы деректер бойынша елімізде 23 627 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған 243 науқастың жағдайы нашар

25 желтоқсандағы жағдай бойынша елімізде 23 мыңнан аса адам індеттен емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 738 пациент стационарда, 18 889 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында 243 адамның жағдайы ауыр, 44 пациенттің жағдайы өте ауыр, 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.