Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, 26 желтоқсаннан бастап кинотеатрлардағы орындар санын 30 пайыздан асырмай, көрермендерді екі орын сайын және қатар бойынша шахмат тәртібімен отырғызу арқылы, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.
Кинотеатрлар жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Егер карантин талаптары бұзылса, кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылуы мүмкін.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда 26 желтоқсаннан бастап кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді.