Ауа райы • 25 Желтоқсан, 2020

Қазақстанның бірнеше өңірінде 42 градус аяз болады

2122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 26-28 желтоқсанға  арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның бірнеше өңірінде 42 градус аяз болады

Арктикалық суық ауа массаларымен Солтүстік Антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының күрт төмендеуін тудырады. Термометр бағандары 35-42 градус аязға жетеді. Аяз күшейіп, елдің басым бөлігінде күннің салқындауына әкеледі.

Тек республиканың батыс өңірлеріне 27 желтоқсаннан бастап жылу мен ылғалдың үлкен қорымен Атлантикалық циклон ауыса бастайды. Ол жауын-шашын, кей жерлерде қатты (көбінесе қар), желдің күшеюі мен жаяу бұрқасын және ауа температурасының - күндізгі уақытта 0-5 градус аязға дейін, кей жерлерде 0-5 жылыға дейін қысқа мерзімді көтерілуін әкеледі.

Сондай-ақ республика бойынша кей жерлерде тұман, батыста және оңтүстікте көктайғақ күтіледі.