Енді Шығыс Қазақстан облысының әрбір ХҚО-да осы өңірдегі азаматтарға арналған үкімет филиалы директорының және оның ХҚО-да жұмысты ұйымдастыру жөніндегі орынбасарының, сондай-ақ PR-менеджердің ресми аккаунттарына сілтеме жасайтын QR-кодты әр филиалдың қабырғасына ілінген стендтен таба аласыз.
Әркім код арқылы өтіп, филиал директорына немесе оның орынбасарына жеке хат жазып, пікір немесе шағым қалдыра алады. Сонымен қатар, халықпен кері байланыс орнату үшін сенім телефоны да бар.
«Халыққа қызмет алуда ыңғайлы жағдай қалыптастыру, көрсетілетін қызметтердің оңтайлануына септігін тигізу мақсатында шығысқазақстандықтармен әрдайым байланыста боламыз» - деді филиалдың PR-менеджері Мөлдір Зауретқызы.