Консультативтік болжамға сәйкес, 2021 жылы қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында болжануда, Қазақстанның шығыс жартысында 1°C мөлшерден төмен күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстік мен оңтүстіктің кей жерлерде нормадан аз болжанады.
Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерде бірнеше суық толқындар күтіледі. Ауа температурасының едәуір төмендеуін қаңтардың екінші жартысында болжанады, ауа температурасы:
солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 °С дейін, кей жерлерде -39 °С дейін, күндіз -20-27 °С дейін;
республиканың батысында түнде -20-27 °С дейін, күндіз -10-20 °С дейін;
оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 °С дейін, жерлерде -30 °С, күндіз -7-15 °С дейін төмендейді.