Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырған сайыстың бірінші кезеңі 21-22 желтоқсан күндері онлайн форматта өткен болатын. Ұлттық интеллектуалды ойын жарысының жеңімпаздарын анықтау 23 желтоқсанда барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, департаментте офлайн өткізілді.
Жарыс қорытындысымен ерлер арасынан Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Манас Толыбаев 1-орынды иеленіп, чемпионат жеңімпазы атанса, Жаңақорған ауданы, Манап ауылдық округінің бас маманы Жалғас Мадилов 2, Шиелі ауданы, Бестам ауылдық округінің бас маманы Әділет Әбуов 3-орынды иеленді.
Қыздар арасында 1-орынды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Сырдария ауданы №12 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті Құндызай Акбарова иеленсе, Қазалы ауданы, Құмжиек ауылдық округінің бас маманы Нұрсұлу Қараманова 2-орынға, Ұлттық статистика бюросының облыстық департаменті басшысының орынбасары Сәуле Рысмаханова 3-орынға қол жеткізді.
Чемпионат жеңімпаздарын департамент басшысы Рафхат Бисенов пен дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов дипломдармен марапаттады.