- Пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібіне бақылау жүргізу мақсатында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, ірі сауда орындарына, базарларға рейд ұйымдастырып жатырмыз. 3 құқық бұзушылық фактісі анықталып, әр қайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. 201 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баскарма бастығының орынбасары Асхат Оразбеков.
Облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрмахан Пазылов Жаңа жыл қарсаңында мектеп инспекторлары «ZOOM» қосымшасы арқылы оқушылар мен ата-аналарға пиротехникалық заттарды қолданудың қаупі жайлы түсіндірме жасап жатқанын атап өтті.