Елорда • 25 Желтоқсан, 2020

Елордада карантин талаптарын жиі бұзған «Золото» мейрамханасының жұмысы тоқтатылды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы «Золото» мейрамханасының жұмысы сот шешімімен карантин режимінің үнемі бұзылуына байланысты бір айға тоқтатылды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева хабарлады.

Елордада карантин талаптарын жиі бұзған «Золото» мейрамханасының жұмысы тоқтатылды

«Қаладағы 12 ойын-сауық мекемесі, оның ішінде «Золото» мейрамханасы да бар, карантин режимін тұрақты бұзушылар болып табылады. Бұл нысан бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ескертпелер орындалмағандықтан, оған қатысты материалдар әкімшілік сотқа жіберілді. Нәтижесінде, бүгін сот материалды қарап, қызметін бір айға тоқтата отырып, 100 АЕК көлемінде айыппұл тағайындаумен әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарды», - деді Жанна Пірәлиева.

Бұрын карантиннің үнемі бұзылуына байланысты сот «Alanya» түнгі клубының, «Janym Sol» караоке-барының және «Tekuila» кафе-барының жұмысын тоқтатты.

Барлығы шектеу және карантин шараларын бірнеше рет бұзған 12 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 18 материал жіберілді.