Қоғам • 25 Желтоқсан, 2020

«Экстремизмге бірге қарсы тұрамыз» конкурсының жеңімпаздары миллион теңгеден жүлде алды

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы «Экстремизмге бірге қарсы тұрамыз» байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Экстремизмге бірге қарсы тұрамыз» конкурсының жеңімпаздары миллион теңгеден жүлде алды

Байқау «Үздік əлеуметтік ролик», «Үздік коллаж», «Үздік жоба» номинациялары бойынша өтті. Үздіктерді анықтау 10- желтоқсанға дейін жалғасты. Байқау номинацияларына «Үздік əлеуметтік ролик» – 60 астам өтінім, «Үздік коллаж» – 60 астам өтінім, «Үздік жоба» – 40 астам өтінім келіп түсті.

Конкурсқа қатысуға оқушылар, студенттер, медицина мекемелерінің, мемлекеттік органдарының қызметкерлері, кәсіпкерлер және қала тұрғындары да өтініш білдірген.

Қалалық және республкалық деңгейдегі қазылар алқасының шешімімен байқаудың жүлде қоры «Үздік әлеуметтік ролик» - 1 000 000 теңге, «Үздік коллаж» – 500 000 теңге, «Үздік жоба» - 1 000 000 теңге болып, байқау номинацияларының жеңімпаздары 1-2-3 орындарда анықталып, оларға диплом және акшалай сертификаттар, қосымша қатысушыларға алғыс хат пен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Еске сала кетейік, байқау жастардың зейінін діни экстремизм мен терроризм мəселесіне аудару, жастардың шығармашылық əлеуетін маңызды жəне өзекті бағытта іске асыру: деструктивті ағымдар идеологиясының алдын алу жəне оларға қарсы əрекет, халыққа террористік жəне экстремистік əрекеттің заңға қайшы екенінен хабап беріп, құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру мақсатында өткізілді.