07 Желтоқсан, 2013

Оқырмандармен кездесті

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы-зерттеуші Шаймұрат Қуанғановтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті.

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы-зерттеуші Шаймұрат Қуанғановтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті.

Қазақ ССР және ҚР Министрлер кеңесін­де, Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Прези­дент Әкімшілігінде 30 жылдан астам уақыт қызмет атқарған Шаймұрат Қуанғанов Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясының түлегі.

Оның қаламынан «Бұқар жырау және оның заманы» және «Арий-гун» сквозь века и пространство: свидетельства, топонимы» атты кітаптар туды. Кейінгі кітап автордың 2008 жылы жарық көрген осы аттас кітабының толықтырылған және түзетілген нұсқасы болып табылады. Белгілі топонимдер, жер атауларының негізінде ежелгі түркі рулары мен тайпаларының тарихи жүрген жолдары қаралады. Басылымда мұрағат материалдарының негізінде Кир, Ескендір Зұлқарнайын, Аттила-Еділ, көне дүниенің әйгілі философтары есімдерімен байланысты тарихи оқиғалар көрініс тапқан. Шаймұрат Қуанғановтың қазақтардың тарихы туралы ғылыми еңбектері де баспасөз беттерінде жарияланып жүр.

Шығармашылық кешке ақын-жазушылар, белгілі қоғам қайраткерлері, әнші-жыршылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар