Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2020

Қазалыда заманауи оттегі станциясы ашылды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы ауданаралық ауруханасында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған оттегі станциясы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазалыда заманауи оттегі станциясы ашылды

Аудандар арасында алғашқы болып ашылған станцияға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбитбек Пазылов арнайы келіп, медицина саласы қызметкерлерінің қуанышын бөлісті.

«Енді біздің дәрігерлер оттегі тапшылығын сезінбейді. Бұл станцияның біздің ауданнан бөлек, көршілес Арал мен Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласына оттегі жіберуге мүмкіндігі бар. Станцияның ашылуына «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ демеушілік жасады», деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбитбек Пазылов дәрігерлер қолдау көрсеткен аудан басшысына алғысын айтты.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев оттегі станциясының жұмысымен танысып, заманауи құрылғылардың мүмкіндігін көрді.

Айта кетейік, оттегі станциясы сағатына 40 текше метр оттегі шығарады. Шамамен сағатына 6 баллон, тәулігіне 120 баллон өндіреді. Оттегінің тазалығы 99.5%, яғни медициналық талапқа сай.