07 Желтоқсан, 2013

Қос қойылым

355 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

DSC 1707 1Алты жыл бұрын елордада Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылған Жастар театры Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев шығармаларының желісімен қойылған «Шыңғыс хан» спектаклімен шымылдығын ашқан еді. Осы аралықта ізденіс үстіндегі жас театр ұжымы халықаралық, республикалық театр фестивальдеріне қатысып, бірнеше рет Гран-при иегері атанды.

 

Алты жыл бұрын елордада Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылған Жастар театры Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев шығармаларының желісімен қойылған «Шыңғыс хан» спектаклімен шымылдығын ашқан еді. Осы аралықта ізденіс үстіндегі жас театр ұжымы халықаралық, республикалық театр фестивальдеріне қатысып, бірнеше рет Гран-при иегері атанды.

DSC 1707 1

Бүгінгі таңда талантты жас­тар құрамымен жасақталған жас театр­дың репертуарында жиырмаға жуық қойылым бар. Сондай-ақ, алғаш рет труппа құрамында Т.Жүр­генов атындағы өнер ака­де­мия­сын биыл бітіретін 4-курс сту­денттері әлемдік тәжірибеде дуал­ды оқыту жүйесі бойынша тәжі­рибе алмасып жатқан жайы бар.

Желтоқсан айының басында аталмыш театр мәдениеттің ордасы Алматыда кіші гастрольдік сапарын өткізді. 2-желтоқсан күні Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең бала ғашық...» сах­на­лық повесі, 3-желтоқсан күні С.Раев­тің «Меккеге қарай ұзақ жол» қойы­лымдарын ұсынды. Бұл қойы­лымдардың режиссері – Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. Аталмыш спектакльдер қазақ театр өнерінің қарашаңырағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында өтті.

Осы кіші гастрольдік сапарды ұйымдастыруға ұлттық театр өнерінің қарашаңырағы – М.Әуе­зов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры мұ­рын­дық болғанын айтып өткен абзал.

Алматы қаласына бастаған гас­трольдік сапар жайында «Жас­тар театрының» директоры Айбо­лат Сексенбаев:

– «Астаналық Жастар театры аз жылдық тарихы болса да шы­ғар­машы­лық бағытын ай­қын­даған, өз кө­рер­мендері бар ұжым. Репер­туарымызда 20-ға жуық әртүрлі жанрды қамтитын көркемдік деңгейі жоғары қойылымдарымыз көрермендеріміздің көңілдерінен шығуда. Бұл гастрольдік сапарды ұйымдастыруға әлемдік тәжірибеге енгізілген «Дуалды оқыту жүйесі» бағдарламасы сеп болды. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының 4-курс студенттері мен театрымыздың кәсіби актерлері бір сахнада өнер көрсетті.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар