07 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасының Заңы№ 149-V

230 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы 2014 – 2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

 

Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы 2014 – 2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

Осы Заң республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің 2014 – 2016 жылдардағы үш жылдық кезеңге арналған жылдар бойынша бөлінген абсолюттік көріністегі көлемін айқындайды.

1-бап. Облыстық бюджеттерден және респуб­ликалық маңызы бар қала, Астана бюджеттерінен республикалық бюджетке берілетін бюджеттік алып қоюлардың көлемі

1. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала бюджетінен республикалық бюджетке 2014 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 132 020 646 мың теңге, оның ішінде:

Атырау облысынан – 51 211 260 мың теңге;

Маңғыстау облысынан – 10 079 859 мың теңге;

Алматы қаласынан – 70 729 527 мың теңге сомасында белгіленсін.

2. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттерінен респуб­ликалық бюджетке 2015 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 168 538 087 мың теңге, оның ішінде:

Атырау облысынан – 60 683 258 мың теңге;

Маңғыстау облысынан – 16 725 915 мың теңге;

Алматы қаласынан – 83 656 400 мың теңге;

Астана қаласынан – 7 472 514 мың теңге сомасында белгіленсін.

3. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттерінен респуб­ликалық бюджетке 2016 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 213 852 809 мың теңге, оның ішінде:

Атырау облысынан – 73 202 568 мың теңге;

Маңғыстау облысынан – 25 712 825 мың теңге;

Алматы қаласынан – 97 684 008 мың теңге;

Астана қаласынан – 17 253 408 мың теңге сомасында белгіленсін.

2-бап. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі

1. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана бюджетіне берілетін 2014 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 978 095 805 мың теңге, оның ішінде:

Ақмола облысына – 64 076 449 мың теңге;

Ақтөбе облысына – 29 375 815 мың теңге;

Алматы облысына – 121 290 353 мың теңге;

Шығыс Қазақстан облысына – 93 509 287 мың теңге;

Жамбыл облысына – 95 698 341 мың теңге;

Батыс Қазақстан облысына – 36 321 405 мың теңге;

Қарағанды облысына – 50 464 021 мың теңге;

Қызылорда облысына – 83 978 668 мың теңге;

Қостанай облысына – 63 071 219 мың теңге;

Павлодар облысына – 21 509 170 мың теңге;

Солтүстік Қазақстан облысына – 59 913 017 мың теңге;

Оңтүстік Қазақстан облысына – 254 747 394 мың теңге;

Астана қаласына – 4 140 666 мың теңге сомасында белгіленсін.

2. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін 2015 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 904 371 171 мың теңге, оның ішінде:

Ақмола облысына – 59 210 424 мың теңге;

Ақтөбе облысына – 19 926 241 мың теңге;

Алматы облысына – 102 811 145 мың теңге;

Шығыс Қазақстан облысына – 86 527 329 мың теңге;

Жамбыл облысына – 95 371 591 мың теңге;

Батыс Қазақстан облысына – 36 203 569 мың теңге;

Қарағанды облысына – 33 833 329 мың теңге;

Қызылорда облысына – 83 180 589 мың теңге;

Қостанай облысына – 58 910 235 мың теңге;

Павлодар облысына – 14 477 485 мың теңге;

Солтүстік Қазақстан облысына – 58 719 253 мың теңге;

Оңтүстік Қазақстан облысына – 255 199 981 мың теңге сомасында белгіленсін.

3. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін 2016 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 836 882 948 мың теңге, оның ішінде:

Ақмола облысына – 52 707 119 мың теңге;

Ақтөбе облысына – 8 621 042 мың теңге;

Алматы облысына – 91 087 781 мың теңге;

Шығыс Қазақстан облысына – 80 124 382 мың теңге;

Жамбыл облысына – 94 008 044 мың теңге;

Батыс Қазақстан облысына – 37 001 397 мың теңге;

Қарағанды облысына – 16 132 736 мың теңге;

Қызылорда облысына – 80 719 104 мың теңге;

Қостанай облысына – 55 912 375 мың теңге;

Павлодар облысына – 7 278 411 мың теңге;

Солтүстік Қазақстан облысына – 57 470 936 мың теңге;

Оңтүстік Қазақстан облысына – 255 819 621 мың теңге сомасында белгіленсін.

3-бап. Жергiлiктi бюджеттерде көзделетін шығыстардың көлемі

Жергілікті бюджеттердің шығыстарында осы Заңға
1 – 4-қосымшаларда көрсетілген бағыттар бойынша бюджет қаражатының ең төменгі көлемі ескерілсін.

Жалпы сипаттағы трансферттер көлемін айқындау кезінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына осы Заңға 5 – 44-қосымшаларға сәйкес іс-шаралардың қосымша енгізілгені ескерілсін.

Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілген шығыстар көлемі  тиіс­ті жергілікті бюджеттерде осы Заңға 5 – 44-қосым­шаларда белгіленгеннен төмен емес көлемде көзделуге тиіс екендігі белгіленсін.

4-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қол­данысқа енгізіледі және 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 3 желтоқсан

№ 149-V ҚРЗ

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 17:55