Жаңа жыл алдындағы қауіпсіздікті сақтауды көздеген бұл рейдке полиция мен Ұлттық ұланның қатарынан 600 адам қатысты. Рейд барысында 25 қылмыс тіркелді, оның 17-сі ізін суытпай ашылды. Әкімшілік бұзушылықтың 1 265 фактісі тіркелді, соның ішінде 222 бұзушылық – қоғамдық орындарға мас болып келу.
Жол-көлік саласы бойынша 17 адамның рөлге ішімдік ішіп отырғаны анықталды. Сондай-ақ төрт жүргізуші бұрын жүргізушілік құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған. Ал отбасылық-тұрмыстық бұзушылықтар бойынша 60 факті тіркелді.
Айта кетейік, жаңа жыл алдында да полицейлер күшейтілген режімде жұмыс істейтін болады.