Ал Ресейден Қазақстаннан қашқан 25 күдіктінің мекенжайы анықталып отыр.
Шетелдегі әріптестермен орнатылған ынтымақтастық арқасында сот пен тергеуден жасырынған 25 қылмыскердің жүрген жері анықталды. Әзірге Ресейде анықталған екі солтүстікқазақстандық елге қайтарылды, дейді СҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы іздестіру бөлімінің бастығы Сейілхан Жұмағұлов.
Соның ішінде, өткен жылы халықаралық іздеу жарияланған 46 жастағы солтүстікқазақстандық осы айда Санкт-Петербургте ұсталған. Ол ұрлық жасағаны үшін сотталған болатын. Ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүрген ол сот отырысына келмей, Санкт-Петербургке табанын жалтыратқан. Бірақ онда да жай жүрмей қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ретінде қудаланыпты.
Қылмыскерлерді қудалау барысындағы екі елдің полицейлері арасындағы әріптестік жалғасын табуда.