«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Аталған партияның атынан Парламент Мәжілісіне және мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттар еліміздегі қалалар мен аудандарды, ауылдарды аралап, тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесуде.

Мәселен, кандидаттар Қ.Айтуғанов, Т.Зейнуллина, К.Алияқпарова, И.Скуловец, Г.Крапивенко және М.Андреева «Ауылдан ауылға» акциясының аясында Қарағанды облысының Осакаров ауданында орналасқан «Найдоровское» ЖШС-де болып, осы ауданға қарасты Ақпан ауылының тұрғындарымен кездесті.
Ауыл тұрғындарымен кездесу кезінде кандидат Т.Зейнуллин «Ауыл» партиясы ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытуды басты басымдық ретінде айқындағанын атап өтті. Партия өкілі кейінгі 20 жылда мемлекет экономиканы индустрияландырумен ғана айналысқанын және соның салдарынан ауылдағы мәселелер шешілмегенін айтты.
«Найдоровское» жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметімен танысу барысында Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Қ.Айтуғанов кәсіпорын қызметкерлерін Қазақстанды аграрлық мемлекетке айналдыруға шақырды. Сондай-ақ осы бастаманы қаржылық қамтамасыз етуге қатысты өз ойымен бөлісті. Қазіргі уақытта көптеген шаруа субсидия мен жеңілдетілген несиелерге қол жеткізе алмайды. Ондай қолдауларсыз ауыл шаруашылығымен айналысу аса қиын.
Қ.Айтуғанов Қазақстанда несиені ең төменгі пайызбен (2%) 20 және одан да көп жылға беруге болады деген пікірде. Ал ауыл тұрғындары үшін қаржыны тіпті кепілсіз етуге болады деп есептейді. Шенеуніктер мен қаржы институттарының басшылары мұндай батыл шешім қабылдауға қауқарсыз. Партия бұған «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заңды қабылдау арқылы қол жеткізуге ниетті. Ұсынылып отырған заң жобасының негізгі мақсаты – аграрлық саланы экономиканың басқа салаларынан басым деп тану және оның субъектілеріне үй шаруашылықтарынан бастап қайта өңдеу кәсіпорындарына дейін қолдау көрсету.
– «Ауылдықтар» партияның сайлауалды бағдарламасы жүзеге асырылып, нақты шараларға негізделетініне сенімді. Жанар-жағармай мен жемшөпті субсидиялау жөніндегі ұсыныстарымыз өте өзекті. Жем-шөп бағасының жоғары болуына байланысты ауыл тұрғындары үшін мал басын арттыру қиынға соғады, – дейді Қ.Айтуғанов.
Осы партияның атынан Осакаров аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Г.Крапивенко партияның әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі жоспарларына тоқталды. Оның айтуынша, ауыл тұрғындарына аудандық әлеуметтік көмек көрсету орталығына құжаттар жинау үшін қайта-қайта бара беру қиындық туғызады. Сондықтан көбісі бұл сабылыстан шаршап, әлеуметтік көмек алуға тырыспайтын көрінеді.
«Ауылдықтардың» сөзін қолдаған Ақпан ауылының әйелдері балалы отбасыларға мемлекет қолдауына үміткер болу үшін өз табысының төмен деңгейін дәлелдеуге тура келетініне наразылық білдірді. Олардың пікірінше, бала тууына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер қысқа мерзімді және ештеңеге жетпейді. Ал «Ауыл» партиясы болса өзінің сайлауалды тұғырнамасында отбасындағы балалар саны мен табыс деңгейіне қарамастан, әрбір балаға 18 жасқа толғанға дейін жәрдемақы төлеуді ұсынып отыр.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар