Президент • 28 Желтоқсан, 2020

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мораторий мерзімі ұзартылды

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға енгізілген мораторий мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мораторий мерзімі ұзартылды
«Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 245-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1.  2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:».

2.  Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

               Президенті                                                                                                                       Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 26 желтоқсан

                         № 478