Әлем • 28 Желтоқсан, 2020

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 19 миллионнан асты

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Johns Hopkins Университетінің мәліметі бойынша АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны  19 миллионнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 19 миллионнан асты

Университет мәліметінше, Америка Құрама Штаттарында 19 132 446 адам коронавирус жұқтырған. Індет жұқтырғандардың көшін Калифорния штаты бастап тұр. Онда 2 156 111 жағдай тіркелген, одан кейінгі орындарда Техас (1 690 986), Флорида (1 271 979), Иллинойс (937 909), Нью-Йорк (922 145) тұр. Жалпы АҚШ-та коронавирустан барлығы 333 115 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері әлемде шамамен 80,7 миллион адам коронавирус жұқтырды, 1,7 миллионнан астам адам көз жұмды.