Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2020

Экономикалық тергеу қызметіндегі жаңашылдықтар талқыланды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы новеллалар бойынша түсіндіру іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Экономикалық тергеу қызметіндегі жаңашылдықтар талқыланды

Аталған іс-шараға Комитеттің жеке құрамы, сондай-ақ бейнеконференция арқылы аумақтық бөлімшелер қатысты.

Кеңес барысында О.Бектенов: «Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілі болуға және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін неғұрлым қатаң жаза қолданылуы тиіс», деп атап өтті.

Осыған орай бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін санкция мен құқықтық салдар (ҚК 361, 364, 365, 366, 369 және 370-баптары) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне күшейтілді.

Мәселен, Қылмыстық кодекске жаңа түзетулер енгізілгеннен кейін құқық қорғау органы қызметкерінің немесе судьяның пара алуы (50 АЕК-ке дейін) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс болып саналады және 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, кәсіпкерлік қызметке 2 жыл емес, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, ал мұндай қызметке заңсыз қатысқаны үшін 1 жыл емес, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Құқық қорғау органдары басшылығының және судьялардың осындай әрекеттерді жасауы тиісінше 8 жылға дейін және 5 жылға дейін одан да қатаң жазаға әкеп соғады.

Сондай-ақ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдар шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және мемлекеттік қызметшілер үшін шетелдік банктердегі шоттарды иеленуге тыйым салу туралы атап өтілді.