Қоғам • 28 Желтоқсан, 2020

Бюджеттің жұмсалуына бақылау жасауға болады

168 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес есептілік пен ашықтықты одан әрі жетілдіру бойынша түрлі шаралар атқарылуда. Соның бірі – «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы. Мектеп, балабақша, аурухана, емхана, жол бюджетіне бірыңғай платформада қол жеткізуге мүмкіндік беретін карта қоғамдық бақылауды іске асырудың пәрменді тетігіне айналды, деп жазады Egemen.kz.

Бюджеттің жұмсалуына бақылау жасауға болады

Бұл бюджетті игеру барысында сыбайластық, құқық бұзушылықты болдырмауға сеп болады. Ал сыбайластықпен күрес кез келген өркениетті қоғам үшін ең өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті мамандарының айтуынша тәулігіне 24 сағат бойы өнім берушілер, бөлінетін сомалар, құрылыс мерзімдері, кепілдік міндеттемелер және басқа да параметрлерге дейінгі ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Ашық бюджеттер интерактивті картасы» жобасымен сілтемесі арқылы кіріп, кез келген облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі мекемелердің бюджеттерімен танысуға болады.

Айта кету керек, аталған жобаның қызметімен танысу үшін электронды цифрлық қолтаңбаның қажеті жоқ, тек тікелей сілтеме арқылы кіруге болады. 

Егер құжаттамаларды салыстыру барысында алшақтықтар анықталған жағдайда тиісті фото және бейнематериалдарды қоса отырып уәкілетті органға хабарлауға болады.

Қазір картаға облыс бойынша 698 мекеме, 2 176 өз бюджеттерін енгізіп отыр. Барлығын қоса алғанда 803,3 млрд теңге көлеміндегі бюджет жарияланған және осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай ілгерілету мақсатында 7 адамнан тұратын «Ашық бюджет» өңірлік клубы құрылған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарын қамтитын карта қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтардың алдын алудың белсенді нысанына айнала отырып, мемлекеттік мекемелердің халық алдында есептілігі және диалогын құрудың әмбебап құралын күшейтетіні анық.