Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысында сайлау науқанына дайындық басталды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Парламент мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау шарасына дайындық жұмысы қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында сайлау науқанына дайындық басталды

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан, қалаларды арнайы аралап, жергілікті жердегі сайлау учаскелерінің еліміз үшін саяси маңызы зор күнге дайындығын тексерді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде барлық сайлау учаскелерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға учаскеге келіп дауыс беру қолжетімді болады.

Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған. Облыс бойынша жалпы саны 911 сайлау учаскесі бар, ал сайлаушылар саны - 1 160 196.

Сайлаушылардың жедел ақпарат алуына қолайлы болу үшін 109 қауырт желісі іске қосылып, ресми сайт пен арнайы телеграм каналы жұмыс істейтін болады.

Бұл қызметтер сайлаушының жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша дауыс беру үшін өзінің сайлау учаскесі туралы анықтама, сайлауға қатысты сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.