«ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде үздіктер анықталды. Шымкент қаласы соңғы бес айда бірінші орында келеді. Бүгінгі таңда белсенділік 92,52 пайызды құрап отыр. Келесі кезекте жыл қорытындысы шығады. Яғни, Шымкент қаласында қашықтан оқыту барысы өз деңгейінде», – деді Ж.Тәжиева.
Шымкент қаласында қашықтан оқытуда І тоқсанда жалпы 1-4 сыныптар аралығында 51 196 (23%) оқушысы 4 016 кезекші сыныпта және 173 133 (77%) оқушы қашықтан оқыды.
ІІ тоқсанда 5 893 кезекші сыныпта 76 827 оқушы білім алуда. Одан бөлек штаттық режимде 9 мектеп 2 056 оқушымен (39%), кезекші сыныпта білім беретін 4 543 мұғалімге толығымен қосымша ақы төленген.