«Әріптестер! Бұл – Үкіметтің биылғы қорытынды отырысы. Өздеріңізге белгілі, 2020 жыл – барлық мемлекеттер үшін күрделі болды. Пандемия бәріміз үшін үлкен сынақ болды. Осы қауіпті вирус халықтың тыныс-тіршілігінің барлық салаларына түбегейлі өзгерістер әкелді. Әсіресе, халықтың денсаулығына әсер етті және экономикаға елеулі нұқсан келтірді», деді Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысында.
Премьер-министрдің дегенмен, қабылданған шаралар жаңа сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік беріп, еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және экономиканың негізгі салаларының орнықты өсімі қамтамасыз етілгенін жеткізді.
«Барлығыңызға белсенді жұмыстарыңыз және қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!», деп түйіндеді Үкімет басшысы.