Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің деректері бойынша, қала бойынша өсімпұлдарды есептен шығаруда акцияның басында борышкерлер саны 192 мың жеке тұлғаны құрады, онда 6,5 млрд теңгеден астам берешек, оның ішінде негізгі қарыз сомасы — 5,4 млрд теңге және өсімпұл — 1,1 млрд теңге болды.
Бүгінгі күні Алматы қаласында рақымшылықты 97 141 салық төлеуші пайдаланды, онда 245 млн теңге сомасына өсімпұл есептен шығарылды және негізгі өтелген борыш сомасы 2,1 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте өсімпұлды есептен шығару автоматты түрде жүргізіледі, борыштың негізгі сомасын ғана төлеу жеткілікті.
Осы шараға қатысты алматылықтар өз ойларымен бөлісті.
Мысалы, Любовь Погорелова рақымшылықтың жылжымайтын мүлікке қойылған шектеуді алып тастауға мүмкіндік бергенін атап өтті.
«Менің банкте кепілде тұрған автокөлігіме көлік салығы салынды. Мен осы жеңілдікті пайдаландым, сол үшін де оны жыл соңына дейін созып бергеніне қуаныштымын. Бұл қиын жағдайда қалған тұлғалар үшін үлкен көмек болып отыр»,- дейді ол.
Алматының тағы бір тұрғыны Ольга Жаркова аталған қызметтің ыңғайлы әрі жедел екендігін атап өтті.
«Бұл ыңғайлы, тез, артық құжат жинауды қажет етпейді, жай ғана қарызды төлегенде, өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады. Ыңғайлылығы, ешқайда барудың қажеті жоқ екендігінде. Барлығын онлайн режимде, кез-келген банктің қызметтері арқылы жасауға болады. Бүгінгі күні өзекті болып отырғандай, ешқайда бармайсыз, ешкіммен байланыс жасамайсыз, бірақ процестің өзі өте жылдам. Қарызы жиналып қалғандар болса, осы мүмкіндікті пайдаланып қалу керек», - деді ол.
Департаменттің деректері бойынша, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушілердің дербес шоттарында есепте тұрған мүлік, жер және көлік құралдары салығы бойынша берешек 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін төленген жағдайда, жеке тұлғалардың өсімақылары кешіріледі. Бұл ретте өсімпұл берешегі төленген салық түрі бойынша ғана кешіріледі.
Бұл норма мұндай адамдардың салық міндеттемелері кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың немесе кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асырумен байланысты емес жағдайларды қоспағанда, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған адамдарға және жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылмайды.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша азаматтар Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің колл-орталығына 1414 телефоны бойынша жүгіне алады