Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2020

Жолда қалған 37 жолаушы құтқарылды

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 желтоқсанын күні 15 сағат 22 минутта Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына "Қызылорда-Жезқазған" автожолының 135 шақырымында "Setra" маркалы жолаушылар автобусының қозғалтқышы істен шыққаны туралы ақпарат келіп түсті.

Жолда қалған 37 жолаушы құтқарылды

Осыған орай ТЖД-нің 4 қызметкері  жедел жиналып, 16 минуттан кейін «Паз» автобусымен жолға шығады. 17 сағат 05 минутта шақырту орнына жетті. "Нұр-Сұлтан-Шымкент" бағыты бойынша жүретін жолаушылар автобусында 37 адам болған. 14 адам эвакуацияланды, қалған 23 адам эвакуациядан бас тартты.

Кешкі сағат алтыдан өте барлық жолаушылар Қызылорда қаласына жеткізілді. Қазір аман-есен Шымкент қаласына жеткен жолаушылар көмек көрсеткен Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлеріне алғыс білдіреді.