Аудан бойынша бағдарлама аясында 2020 жылдың соңына дейін 4 елді мекенді Kcell және Beeline операторлары арқылы 3G/4G сымсыз технологияларымен және мобильді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған.
Солардың ішінде ауданда алғаш болып Шәкен ауылдық округінің орталығына Beeline операторы арқылы байланыс орнатылып, мобильді интернетке (3G) қол жеткізілді.
Аз күнде Аранды ауылында да «Activ» ұялы байланыс желісі орнатылады деп жоспарлануда.