Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2020

Түркістанда Германия, Бельгия елдерінен әкелінген көшеттер егіледі

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласындағы 7 қабатты 10 тұрғын үйдің төбесі балаларға арналған ойын алаңына айналады. Бұл жоба арнайы мемлекеттік сараптамадан өтіп, мақұлданған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ойын алаңшаларының ең сапалы құрылыс материалдарынан салынып, қауіпсіздіктің қатаң сақталуын міндеттеді.

Түркістанда Германия, Бельгия елдерінен әкелінген көшеттер егіледі

Сондай-ақ облыс әкімі жауапты басқарма басшыларымен бірге әкімшілік-іскерлік орталықта салынып жатқан 7,9 және 12 қабатты жалпы 89 тұрғын үйдің құрылыс алаңында болды. Жеті қабатты 7 үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, банк арқылы берілген. Ал 24 тұрғын үйдің аумағына су, газ, электр қуаты, кәріз жүйесімен жабдықтау, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Басым бөлігінде арнайы жерасты автотұрақтар болады.

«Әзірет Сұлтан мұражай-қорығының» аумағы да абаттандырылуда. Ботаникалық бақ,  екі бірдей аллея, декоративті тоған құрылысы қарқынды жүруде. Жоспар бойынша мұнда мыңға жуық, оның ішінде Германия және Бельгия елдерінен арнайы әкелінген көшеттер, Өзбекстаннан сатып алынған тұт, қарағай, шие, алма, каштан ағаштары отырғызылады. Сондай-ақ 18 мың бұталар мен Германиядан сатып алынған 14 мың ландшафты және альпинистік раушан гүлдері мен су лалагүлдері егіледі. Топырақты құнарландыру үшін сала мамандары кешенді жұмыстар жүргізуде. Саябақтар жарықтандырылып, тастар төселіп, кесене аумағы оазиске айналады.

 

 

Түркістан облысы