Руханият • 29 Желтоқсан, 2020

National Geographic фотографтары елорда суреттерінен фотокөрме ұйымдастырды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

National Geographic фотографтары Тәуелсіздік сарайында Нұр-Сұлтан суреттерінен фотокөрме ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

National Geographic фотографтары елорда суреттерінен фотокөрме ұйымдастырды

«Ұлы дала жүрегі» көрмесінде қазақстандық және шетелдік авторлардың 150-ден астам жұмыстары ұсынылған. Олардың арасында фотосуреттері бүкіл әлемге таралған Джордж Стейнметц, Antonio Politano, Sasin Tipchai, Никита Басов, Турар Казангапов сияқты National Geographic-тің танымал фотографтары, сондай-ақ танымал отандық фотографтар Александр Куприенко, Батырлан Төлегенов, Александр Филипенко, Евгений Ткаченко, Айбек Аханов және басқалар бар.

Фотосуреттер күнделікті өмірді, әлеуметтік, іскерлік және мәдени өмірді, елорданың жарқын сәттерін бейнелейді. Сонымен бірге ерекше гастрономия, спорт әлемі және қаланың ең көрнекті жерлері ұсынылады.

«Ұлы дала жүрегі» фотокөрмесінің мақсаты - әлемге әйгілі шетелдік және отандық фотографтардың обьективті арқылы Нұр-Сұлтанның жан-жақты көрінісін көрсету.

Іс-шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушылар барлық ережелерді қатаң сақтау, маска тағу, арақашықтықты сақтау және санитайзерлер қолдану керектігін еске салады.

Айта кетейік, www.nursultankorme.kz сайты арқылы әлемнің кез келген нүктесінен онлайн режимде Қазақстан астанасының суреттерін көруге болады.