Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2020

Қала әкімі тәртіп сақшыларымен кездесті

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл тоғысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесіп, атқарылған жұмыстарды таразылап, алдағы жоспарларды пысықтады.

Қала әкімі тәртіп сақшыларымен кездесті

Кездесуде саладағы жобалар мен алдағы бастамаларды сөз болды. Сондай-ақ, қала әкімі қазір полицияның қызметтік функцияларын ойдағыдай атқару үшін құқық қорғау саласының қызметкерлеріне ел басшылығы тарапынан ерекше қолдау көрсетіліп жатқандығын  айтты.

Шаһар басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп,  ел тыныштығын сақтай отырып, қиындығы мен жауапкершілігі мол салада абыройлы қызмет ете беретіндеріне сенім білдірді. 

Кездесу соңында қала әкімі қоғамдағы тәртіпті қадағалап, салада табанды еңбек етіп жүргенбірқатар сала қызметкерлерін марапаттап, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.