Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2020

Алдағы жылы Алматының Медеу ауданын абаттандыру 100% аяқталады

362 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев жыл қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Алдағы жылы Алматының Медеу ауданын абаттандыру 100% аяқталады

Ол Медеу ауданы – тұрғыны 213 мыңнан асатын Алматы қаласының ең ірі әкімшілік, мәдени және туристік орталығы екенін еске салды.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шетсіз қала» қағидаты бойынша қаланы дамыту туралы тапсырмасына сәйкес өткен жылдың соңында «Алматы-2050» Даму стратегиясы Мәслихат сессиясында бекітілді. Бұл құжат қаланың ең қиыншылық туғыздыратын мәселелерін шешуге және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Осыған байланысты, біздің алдымызда Ақ қайың, Көлсай, Сұлусай, Алатау, Мұзтау, Думан, Кеңсай шағын аудандары мен Каменское плато тұрғын алабын дамыту міндеті тұр.

Қазір мұнда сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік желілерін салу жұмыстары қызу жүріп жатыр, электр желілері қайта жаңғыртылуда, жағалаулар, саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары абаттандырылуда. Сонымен қатар жол-көлік инфрақұрылымы жақсаруда. Ағымдағы жылы 28 көше бойынша ұзындығы 25 км жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, тротуарлар салынуда. Ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою үшін апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінді.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы аясында Медеу ауданы бойынша жалпы сомасы 754 млн.533 мың теңгеге 9 жоба анықталды. 345 жұмыс орны құрылды. «Бюджетке қатысу» бағдарламасы бойынша 25 650 халықты қамтумен жалпы сомасы 334,3 млн. теңгеге жеті жоба іске асырылды. 

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен Достық даңғылы бойынша (Әл Фараби даңғылынан «Медеу» ССК дейін) сыртқы жарықтандыру желісін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді, шамдардың саны 1148 дана, ұзындығы – 24 км, тіректер – 775 бірлік.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «ТриАХолдинг» ЖШС компаниясы Гурилев, Сәрсенбаев, Говоров, Щучинская, Бурабай көшелеріне 76 бірлік көлемінде сыртқы жарықтандыру тіректерін орнатты.

Қала әкімінің маңызды тапсырмаларының бірі – ұялы байланыс пен интернетті жақсарту болса, биыл жыл басынан бері ауданның 7 учаскесінде ұялы байланыс пен интернет сапасы мәселесі тұрды.

Қазіргі уақытта интернет және ұялы байланыс Алатау ш.а, Мұзтау (Бутаковка), Кенсай ш.а (ішінара), «Радуга», «Мичуринец» Алатау ш.а қолданыстағы антенналарды жаңғырту және қосымша базалық станцияларды орнату арқылы жақсартылды.

- Сонымен қатар, «Восточка» ТК төбесінде 1000 м радиустағы көшелерді интернетпен және ұялы байланыспен қамтамасыз ететін "Beeline Kazakhstan" компаниясының ұялы антеннасы орнатылды, - дедіаудан әкімі.

Сонымен бірге, ол Медеу ауданында 784 көппәтерлі тұрғын үй және 536 аула бар екенін атап өтті. Соңғы 4 жылда 130 мыңнан астам тұрғынды қамтитын 336 аулада (63%) күрделі жөндеу жүргізілді. Алдағы жылы 25 мың тұрғынды қамти отырып, 60 ауланы ағымдағы жөндеу жоспарланған, осылайша Медеу ауданының аула аумақтарын абаттандыру 100% аяқталады.

 

АЛМАТЫ